ТІЛДІ ЖОСПАРЛАУ

lat: TİLDİ JOSPARLAÝ

(французша planer біртегістеу , ) - осымен бірдей: Тілдік құрылыс; Тілді жоспарлау белгілі бір субъектілерінің тіл иелерінің (Тілді жоспарлау нысандарының) тілдік іс-əрекеттеріне ықпал етуі үшін жасалатын саналы да нақты іс-шаралар (талпыныстар). Мұндағы мақсаттар тіл қолданысын өзгерту (Тілді мəртебе тұрғысынан жоспарлау), тіл құрылымын реттеу (Тілді корпустық жоспарлау), тілді игеруге жағдай туғызу (Тілді игеруді жоcпарлау) жəне/немесе саяси, біліми, экономикалық, қоғамдық, лингвистикалық институттар арқылы тілді мемлекет ішінде жəне мемлекеттік шекарадан тыс жерлерге тарату (Тілді таратуды жоспарлау).Тілді жоспарлау мынадай істерді қамтиды: Тіл мен Тілдің дамуына осы үшін құрылған, осыған орай өкілеттігі бар саяси, біліми, лингвистикалық жəне басқа ұйымдар жоспарлаған өзгерістерді саналы түрде енгізу (Мыс., КСРО-дағы 20-30-жылдардағы Алфавит комитеттері); тиісті Тілдік қауымдастықтың мүдделері, орынды əлеуметтік, экономикалық, саяси, демографиялық жəне психологиялық өзгермелі шамаларды ескеріп тілді қарастыру жəне реформалау. Тілді жоспарлау мынадай жолмен жүзеге асады: а) қабылданған тиісті саяси шешімдерді қоса отырып Тілдік идеология мен Тілдік саясатты қалыптастыру; ə) іс-əрекеттің егжей-тегжейлі бағдарламасын түзу (Тілді қолдану салаларын ұлғайту, Əліпби реформасы, еміле реформасы, Тілді нормалау, Тілді кодификаттау, Тілді стандарттау т.с. сияқты нақты істерді қамтиды); б) белгіленген бағдарламалардың тиімділігін бағалау, аралық жəне аяққы кезеңдерде істер мен мақсаттарға түзету жасау (қар. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Кириллица, Тілді кодификаттау, Тілдік реформа, Тілдік ахуал, Тілдік заңнама).